«ҚазТрансОйл» акционерлерге 28 млрд. 847 млн. теңге дивиденд төлеудi жоспарлауда

Фотография - «ҚазТрансОйл» акционерлерге 28 млрд. 847 млн. теңге дивиденд төлеудi жоспарлауда

"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесi компания акционерлерiне 28 млрд. 847 млн. теңге немесе 2012 жылғы шоғырланған таза табыстың 86 пайызын дивиденд ретінде төлеуге жұмсауды ұсынды.

135 0

"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесi компания акционерлерiне 28 млрд. 847 млн. теңге немесе 2012 жылғы шоғырланған таза табыстың 86 пайызын дивиденд ретінде төлеуге жұмсауды ұсынды.

Бұл сұрақ 28 мамыр күнi акционерлердiң жылдық отырысында қаралатын болады. Бұл туралы бүгiн "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Қайыргелдi Қабылдин мәлiм еттi.

"Осылайша, бiр акция үшiн дивиденд төлеу 75 теңге көлемiнде болмақ. Бұл акция құнының 10,34 пайызын құрайды", - дедi Қ. Қабылдин.

Егер аталмыш ұсыныстар қабылданатын болса, акционерлерге дивиденттер 4 шiлдеден төлене бастайды.

Айта кетейік, былтыр компания 33,5 млрд. теңге таба табыс тапты.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!