Испаниядағы жұмыссыздар саны 6 миллионнан асты

Фотография - Испаниядағы жұмыссыздар саны 6 миллионнан асты

Яғни, бұл жалпы халықтың 27 пайызын құрайды.

411 0

2013 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша Испаниядағы жұмыссыздар саны 6 миллион адамнан асты. Яғни, бұл жалпы халықтың 27 пайызын құрайды.

Ұлттық статистика институтының мәліметтеріне сүйенсек, соңғы бір жыл бойы жұмыссыз жүрген азаматтардың саны 3,5 миллион адамға жеткен. Ал, 25 жастағы жастардың арасындағы жұмыссыздық 57 пайызға жетіп отыр. Бірде-бір мүшесі жұмыс істемейтін отбасылардың саны болса 72,4 мыңнан 1,9 миллионға жетіп жығылған.

Елдегі Еңбек министрлігінің хатшысы болса аталған көрсеткіштердің дабыл қоңырауы екендігін мойындаса да, алдағы уақытта мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашатын болады деп хабарлады.

Айта кетейік, соңғы төрт жылдан бері Испаниядағы дағдарыс шарықтау шыңына жетіп отыр. Биліктің әрбір қадамы тұрғындар тарапынан сынға ұшырап, қалаларда жиі көтерілістер орын алуда.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!