Грекияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады

Фотография - Грекияда 15 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады

Грекия Парламенті ел үкіметіне 2014 жылдың соңына дейін мемлекеттік құрылымнан 15 мың адамды жұмыстан шығаратын заңды құптады.

143 0

Грекия Парламенті ел үкіметіне 2014 жылдың соңына дейін мемлекеттік құрылымнан 15 мың адамды жұмыстан шығаратын заңды құптады.

Бұл реформа - Грекияның халықаралық қаржы ұйымдарынан 2 млрд доллар көлемінде қарыз алудың шарттарының бірі болатын. Жаңа заң бұған дейінгі бір жұмыс орнын өмір бойы иемдену тәжірибесін де тоқтатты. Заңды қабылдау кезінде парламент алдында оған қарсы шеру өткен болатын. Қарсылықты ұйымдастырғандар «бұл заң жобасы елдегі жұмыссыздық деңгейі шегіне жеткен шақта жағдайды одан ары ушықтырады» деп есептейді.

Үкімет болса, «заң жобасы мемлекеттік қызметке пайдалы себебі, тәртібі нашар жұмысшылардың орны босап, оған жас әрі талантты мамандар келеді» деген уәж айтуда.

Маусым айының аяғына дейін 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылады, деп жазады жергілікті басылымдар.  Алдымен тәртібінде кінәраты бар қызметкерлер жұмыстан босатылады. Алайда денсаулық сақтау секілді маңызды салаларда босаған орынға жаңа қызметкерлер алынады.

Былайша алғанда, жаңа заң мемқызметкерлердің санын азайтпайды. Бұған басқа қосымша тағы бір жоспар жасалынған. Ол бойынша 2015 жылдың соңына дейін 150 мың жұмыс орны қысқартылуы тиіс. Бұл үшін зейнеткерлікке шыққан адамның жұмыс орны жойылып отырылмақ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!