Еуразиялық банк сатылуы мүмкін

Фотография - Еуразиялық банк сатылуы мүмкін

Еуразиялық банк акционерлері әлеуетті сатып алушылармен аталған банкті сату туралы келіссөздер жүргізуде.

211 0

Еуразиялық банк акционерлері әлеуетті сатып алушылармен аталған банкті сату туралы келіссөздер жүргізуде.

«Сату туралы бастама банк иелері тарапынан болған. Сатып алушылар не қытайлық, не еуропалық тарап болуы мүмкін» деп айтылған аталған хабарламада. Келіссөздер шағын ғана ортада жүргізіліп жатқандықтан ол ресми түрде әлі еш жерде жарнамаланбаған. Тек қысқа ақпарат қана бар.

«Келіссөздер жайында нақты ақпар беру әлі қиын. Бәлкім бұл акционерлердің ұсынысы ғана немесе қызығушылық танытқан шетелдік сатып алушылармен жүргізілген кеңес болуы мүмкін» дейді дереккөз.

Хабарламада айтылғандай, банктің бүгінгі жағдайы 2009 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Ол кезеңде қаржылық дағдарыс банкке де зиянын тигізіп, жылдық көрсеткіштері құлдырап кеткен болатын.

«Бәлкім банкті жақын күндері немесе біраз уақыттан кейін сатып жібереді. Бұл жерде бар мәселе еуразиялық үштікке, яғни банк иелеріне (Машкевич, Шодиев, Ибрагимов – ҚазТаг) байланысты. Кейбір деректерге сенсек, олар Қазақстандағы тау-кен және қаржы активтерін жүзеге асырғалы жатыр» дейді ақпарат көзі.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!