Алдағы он жылда «ҚазМұнайГаз» қоры 1,4 млрд тонна жетеді

Фотография - Алдағы он жылда «ҚазМұнайГаз» қоры 1,4 млрд тонна жетеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифинг барысында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.

126 0

«ҚазМұнайГаз» компаниясы алдағы он жылда мұнай қорын 1,4 млрд тоннаға жеткізуді мақсат еткен. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифинг барысында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз – алдағы он жылда қорымызды 1,4 млрд тоннаға жеткізу. Бүгінде бідің қорымыз 800 млн тоннадан асады. Сондай-ақ біз мұнай қазу көлемін 35 млн тоннаға жеткізгіміз келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21 млн тоннадан сәл асқан еді. Газ көлемін 1 млн тоннаға жеткізуді де көздеп отырмыз», - деді Л.Қиынов.

Ләззат Кетебайұлы сондай-ақ бұл міндеттердің «өте қиын екенін» атап өтті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!