БҚО-да 256 млрд теңгенің 33 инвестжобасы жүзеге асуда

Фотография - БҚО-да 256 млрд теңгенің 33 инвестжобасы жүзеге асуда

Батыс Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы аясында 256 млрд теңгенің 33 инвестициялық жобасы жүзеге асуда.

139 0

Батыс Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы аясында 256 млрд теңгенің 33 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Оларда 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын пысықтауға үшін «Каризма» ЖШС базасында телекөпір өтті. Аймақтық телекөпір барысында БҚО, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында іске қосылатын инвестициялық жобалардың таныстырылымы болды.

«Индустрияландыру картасы аясында біздің облыста 1700 жұмыс орны ашылған 256 млрд теңгенің 33 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Қазіргі таңда 29 нысан іске қосылды, 1200 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы екі жылда облысқа 336 млрд теңге инвестиция құйылып, бюджетке 84 млрд теңге салық түсті»,-деп хабарлады БҚО облысы әкімінің орынбасары Серік Шапкенов.

2013 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша іске қосылған 29 инвестициялық жобаның 13-і жобалық қуаттылығының 70%-на шықты. Өзгелері алдағы уақытта толық жобалық қуатына шығатын болады. Аймақта ағымдағы жылы Индустриялдық карта аясында 194 жұмыс орнының ашылуымен жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын 3 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланған.

2014 жылы Орал трансформатор зауыты жалпы құны 3,6 млрд теңгенің кернеуі 6-10 кВ болатын күштік трансформаторлар өндірісін іске қосуды межелеп отыр.

Индустриялдық картасының инвестициялық жобалары қатарында машина жасау, металлургия, энергетика, құрылыс индустриясы, мұнай өңдеу және мұнай газ секторының инфрақұрылымы, АӨК және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларына қатысты.

«Агрореммаш» АҚ-ы ҮИИДБ аясында 2 жобаны қолға алған. Телекөпір барысында кәсіпорынның бас директоры Ғимран Бисенов мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі нәтижесінде өндірістің қайта жаңғыртылғанын атап өтті. Сонымен қатар «СтеклоСервис» кәсіпорыны да үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы қолдауға ие болған.

«Өткен жылы поливинилхлорид өндірісі инвестициялық жобасын іске қостық. Ол үшін өткен жылы 8% жылдық үстемақымен 5 жылға несие алған едік. Несиенің 7%-ын мемлекет субсидиялайды. Бұл біз үшін айтырлықтай көмек»,-деді «Каризма» ЖШС жетекшісі Демирал Озгур.

Телекөпір соңында кәсіпорын басшылары мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға және қойылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салатындарын айтты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!