«Ресей Жинақ банкінің» Қазақстанның банк нарығындағы үлесі 5,3 пайызға жетті

Фотография - «Ресей Жинақ банкінің» Қазақстанның банк нарығындағы үлесі 5,3 пайызға жетті

«Ресей Жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкі былтыр өз активін 49,2 пайызға, меншікті капиталын 74 пайызға ұлғайтты

196 0

«Ресей Жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкі былтыр өз активін 49,2 пайызға, меншікті капиталын 74 пайызға ұлғайтты. Бүгін Алматыда «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Александр Камалов 2012 жылғы қаржылық қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Біз банктің 2012 жылғы жұмысының нәтижелеріне көңіліміз толды. Нарықтың 5,3 пайыз үлесіне қол жеткізіп, стратегиялық мақсатты мерзімінен бұрын орындадық. Бұл жаңа технологияларды енгізу жолымен банктің инновациялық дамуын және қызмет көрсету сапасын көтергеніміздің арқасында мүмкін болды», - дейді Александр Камалов. Оның айтуынша, мақсаттардың орындалуында маңызды рөлді банк қызметкерлері атқарады. Сондықтан  олардың өсуі мен оқуына ерекше көңіл бөліп отырған қаржы институты  биыл 1 мың адамға жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!