Ресей бюджеті күрделі проблемаға тап болды

Фотография - Ресей бюджеті күрделі проблемаға тап болды

 дейді Дарья Пичугина есімді сарапшы «Инвесткафе» басылымына берген сұхбатында.

179 0

«Ресей билігі жаппай жекешелендіру туралы ойлана бастағанын ескерсек, елдің бюджеті расында да үлкен проблемамен бетпе-бет келіп отыр» дейді Дарья Пичугина есімді сарапшы «Инвесткафе» басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, РФ Экономикалық даму министрлігінің алқалы отырысында премьер-министр Дмитрий Медведьев елде жекешелендіру науқанын жағдайдың нашарлығына қарамастан ертерек бастап кету керектігін мәлімдеген. Премьер хабарлағандай, аталған науқанды жүргізуге үнемі бір жағдайлар кедергі бола береді. Сондықтан ешқандай жайтқа қарамастан іске көшкен жөн деді Медведев.

Ол сондай-ақ, бәсекелестікке шектеу қойылмау үшін компаниялардың нарыққа қатысуының ережелерін барынша жария етіп жасауды тапсырды. «Сөз жоқ, бәсекелестік экономиканың дамуына қалай болғанда да пайдасын тигізеді» деді өз сөзінде премьер. Ал, Д.Пичугина биліктің бұл қадамын бюджеттегі проблемалардан дегенді алға тартуда.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!