Темірбанк Альянс банкпен бірігуге дайын

Фотография - Темірбанк Альянс банкпен бірігуге дайын

«Темірбанк Альянс банкпен бірігуге дайын. Ендігі ретте бәрі акционерлердің шешіміне байланысты»,-деді «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Байсынов

138 0

«Темірбанк Альянс банкпен бірігуге дайын. Ендігі ретте бәрі акционерлердің шешіміне байланысты»,-деді «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Байсынов.  Бұл туралы "ҚазТАГ" хабарлайды.

«Даму стратегиясы болғандықтан мәселе акционерлердің шешіміне тәуелді. Егер бірігу туралы шешім қабылданса, біз қарсылық білдірмейміз»,- деп түсіндірді Байсынов.

Естеріңізге сала кетсек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы басшысының орынбасары Елена Бахмутова мемлекеттік қорда «Альянс банк» АҚ мен «Темірбанк» АҚ жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың ұйымдастырылып жатқанын айтқан болатын. Бүгінде Альянс банк те, Темірбанк те бірігуге қарсылық білдірмей отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!