Өткен жылы «Темiрбанктің» таза табысы 3,5 млрд теңгені құрады

Фотография - Өткен жылы «Темiрбанктің» таза табысы 3,5 млрд теңгені құрады

 Бұл туралы Банктің өткен жылғы қызметінің қаржылық қорытындысы шығарылған баспасөз маслихатында белгілі болды.

186 0

2012 жылы «Темiрбанк» АҚ-ның таза табысы 3,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Банктің өткен жылғы қызметінің қаржылық қорытындысы шығарылған баспасөз маслихатында белгілі болды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Темiрбанк» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Байсынов кез-келген ұйымның табысы оның негізгі көрсеткіші болып табылатынын атап өтті. Сонымен, «Темiрбанктің» таза табысы 2012 жылы шамамен 3,5 млрд теңгені (ROA – жылдық 1,3%) құраған, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, 10,9 млрд теңге кіріс кірген. Осылайша, Банк қатарынан үш жыл табысқа қол жеткізіп отыр.

Банктің ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы актив мөлшері өткен 2011 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға өсіп, 287,1 млрд теңгені құрады. Мұны Банктің тұрақты өсуі мен оның қаржы нарығындағы орнының нығая түсуімен түсіндіруге болады.

Темірбанктің ссудалық портфелі 13,4%-ға артып, 283,5 млрд теңгеге дейін жетті.

2012 жылы «Темiрбанк» АҚ 78,8 млрд теңге сомасында несие берді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 46,6 млрд теңгеге артық. Соның ішінде заңды тұлғалар 43,5 млрд теңгеге, жеке тұлғалар 35,3 млрд теңгеге несиелендірілген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!