АТФ Банк басшылығында өзгерістер болды

Фотография - АТФ Банк басшылығында өзгерістер болды

«ҚазНитрогенГаз» ЖШС мен UniCredit Bank Austria арасындағы АТФ Банктің 99,75 пайыз акциясын сатып алу-сату туралы мәміле аяқталды

170 0

«ҚазНитрогенГаз» ЖШС мен UniCredit Bank Austria арасындағы АТФ Банктің 99,75 пайыз акциясын сатып алу-сату туралы мәміле аяқталды.

Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Басқарма төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып басқарма мүшесі Ербол Әбдіғалиев тағайындалған. Техникалық мәселелер шешілген соң бұл қызметті Директорлар кеңесінің мүшесі  Энтони Эспина атқармақ.

Банк саласында 44 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Ұлыбритания азаматы Э.Эспина Гонконгтағы «Goldride Securities Limited" және Филиппиндегі "Tri-State Securities Inc." брокерлік фирмаларының құрылтайшысы және директоры. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!