Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады

Фотография - Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады

Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады, деп мәлімдеді сенбіде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов

134 0

Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады, деп мәлімдеді сенбіде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.


«Мамырда  республика бойынша реттелетін қызметтерге және жанар-жағармайға  тарифтер көтерілмейді», - деді  Оспанов  брифингте.


Оның айтуынша,1 мамырдан бастап тек Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында сумен жабдықтау және канализация қызметтеріне шекті тарифтер енгізілді. Семей қаласында сумен жабдықтау тарифтері 1 мың литрі үшін 6 теңгеге, канализация қызметінің тарифтері 1 мың литрі үшін 3,6 теңгеге қымбаттап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!