Биыл Қызылорда облысында шағын несиелеу бағдарламасына 1,5 млрд. теңге бағытталады

Фотография - Биыл Қызылорда облысында шағын несиелеу бағдарламасына 1,5 млрд. теңге бағытталады

Биыл Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында берілетін шағын несиелердің көлемі 1,5 млрд. теңгені құрайды.

168 0

Биыл Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында берілетін шағын несиелердің көлемі 1,5 млрд. теңгені құрайды.

Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңесте айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова мәлім еткендей, өңірде шағын несиелеу бағдарламасы бойынша қаражат алатындардың саны мен оларға берілетін ақша көлемі жыл сайын арту үстінде. Мәселен, 2011 жылы 98 адам жалпы сомасы 200 млн. теңгенің несиесіне қол жеткізсе, 2012 жылы 500 адам 933 млн. теңгенің кредитін алды. Ал биыл шағын несиелеуге 1,5 млрд. теңгені бағыттау көзделіп отыр. Бұған қоса, Қаржы министрлігіне несиелеу үшін қосымша 1,5 млрд. теңге қарастыру жөнінде ұсыныс жолданды.

Шағын несиелендіру бағдарламасымен ауыл тұрғындарын да қамту мәселесіне айырықша назар бөлінуде. Осыған орай ауыл тұрғындарына - 3 млн. теңге, тірек ауылдарда тұратындарға 5 млн. теңгеге дейін несие беру көзделген. Несиенің пайыздық үстемесі де азайды - 8-ден 6 пайызға.

Жиында облыс әкімі ауылдық округтер әкімдеріне осыған байланысты түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырды.  


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!