Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 345 млн. долларды құрады - Н. Назарбаев

Фотография - Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 345 млн. долларды құрады - Н. Назарбаев

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 345 млн. долларды құрады. Мұның өзі 2011 жылмен салыстырғанда 90 пайызға артық көрсеткіш

180 0

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 345 млн. долларды құрады. Бүгін Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангұлы Бердімұхамедовпен кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Әлемдік экономиканың жағымсыз құбылыстарына қарамастан елдер арасындағы тауар айналымы айтарлықтай артып отыр. Мұның өзі біздердің экономикамыздың одан әрі ынтымақтаса дамуы үшін зор әлеует бар екенін білдіреді»,-деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 345 млн. долларды құрады. Мұның өзі 2011 жылмен салыстырғанда 90 пайызға артық көрсеткіш.

«Яғни, әлеует зор. Сондықтан, Қазақстан мен Түркіменстан үкіметаралық комиссиясының жұмысын белсенді жүргізу керек керек деп ойлаймын. Елдер арасындағы бизнес-форумды, зияткерлер форумын өткізу біздің халықтарымызды барынша жақындата түседі»,-деді Мемлекет басшысы.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!