Экономикалық форум елімізге 8,5 млрд $ инвестиция әкелді

Фотография - Экономикалық форум елімізге 8,5 млрд $ инвестиция әкелді

Астана экономикалық форумын ұйымдастыруға бағытталған алғашқы жылын қоспағанның өзінде, экономикалық форум елімізге 8,5 млрд доллар инвестиция әкелді, деп мәлімдеді «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков. 

247 0

Бұл форумның Қазақстан үшін пайдасы орасан зор болып тұр. Еліміздің әлем алдындағы абырой, беделінің артуымен қатар, экономикалық, инвестициялық тиімділіктерін көрсете бастады. Әсіресе, инновациялық жобалар мен жаңа технологиялардың қолданысқа дендеп енуі жедел қарқын алуда. Адами капиталдың да рөлін атап өту керек. Әлемге әйгілі сарапшылар мен білікті экономистер бас қосып, мәселелерді жан-жақты талқылауда мұндай жиындар таптырмас құрал деуге толық негіз бар. Осындай мақсатпен сала-сала бойынша, үлкен жобалар жайы сөз болады. Биыл да аталған форумға 114 елдің өкілдері мен 10-ға жуық Нобель сыйлығының иегерлеріне төрден орын берілмек. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салмақ.

Сонымен қатар, бұл елдегі туристік класстердің дамуына да өзіндік ықпалын тигілетін болады, - деді ол.

Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!