Дума долларға тыйым салмақ

Фотография - Дума долларға тыйым салмақ

Мемлекеттік дума АҚШ долларының Ресей аумағындағы айналымы мен оны сақтауға тыйым салуды ұсынды

232 0

Мемлекеттік дума АҚШ долларының Ресей аумағындағы айналымы мен оны сақтауға тыйым салуды ұсынды

Американдық долларды екі жыл ішінде айналымнан шығарып, одан әрі мәжбүрлі тәртіппен тәркілеуге ұсыныс жасалды.

Бұл туралы тиісті заң жобасын әзірлеген РЛДП-дан депутат Михаил Дегтярев долларға тыйым салу қажет деп санайды. Оның айтуынша, американдық валютаға құнсыздану қаупі төніп тұр, сондықтан да ресейліктерді доллар бағамының құлдырауынан қорғау қажет. 

«Егер АҚШ-тың мемлекеттік қарызы өсе беретін болса, доллар жүйесінің күйреуі 2017 жылдың өзінде болады. Одан әсіресе долларға тәуелділіктен дер кезінде құтылмаған елдер зардап шегеді», - деп түсіндірді депутат, егер біз бұл шараны қолға алмасақ, «таяудағы бес жылда 1990  жылдардағы банктердің алданған салымшылары мен қаржы пирамидалары құрбандары сияқты мемлекеттің ресейлік доллар иелеріне де  көмектесуіне тура келеді».

Сонымен бірге, долларға тыйым салу рубльдің беделін көтереді және экономиканың американдық валютаға тәуелділігін азайтады, деп санайды парламентші. Егер заң жобасы қабылданатын болса, ресейліктерге долларын сатуға екі жыл мүмкіншілік беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін полиция, салық қызметі, кеден, шекара қызметі және көші-қон есебі органдары оны бюджет есебіне тәркілеуді бастайды. Американдық доллардан өз еркімен айырылғысы келмегендер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Мемлекет дума либерал-демократтардың бастамасын қолдады, дегенмен бір ғана тыйым салумен Ресейдің қаржы жүйесін нығайту мүмкін емес екенін мойындады. «Ресейде долларды сақтауды шектейтін бір ғана заңмен проблеманы шешу мүмкін емес, одан гөрі қаржы жүйесін және экономикалық саясатты өзгерту керек. Бір ғана заңның көмегімен рубль долларды ығыстыра алмайды», - деді Мемлекеттік думаның экономикалық саясат жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, эсер Михаил Емельянов.

Бюджет бойынша комитет мүшесі, единоросстық Евгений Федоров жағдайды өзгерту үшін Орталық банктің саясатын өзгерту қажет деген пікірін білдірді. «Бұл проблеманы шешу үшін ұлттық инвестиция жүйесін жолға қою, эконономика саласындағы егемендікті қалпына келтіру қажет, Орталық банк ұлттық экономиканы тұншықтырудың орнына керісінше, еуропалық банктер сияқты оған жұмыс жасауы тиіс», - деді депутат.

Дегенмен сарапшылар Дегтяревтің қаупі жөнсіз: доллар бұдан былай да көшбасшы болып қала береді, одан ресей экономикасына келетін қауіп жоқ деген сенімде. Экономикалық даму институтының кеңесшісі Никита Масленниковтің айтуынша, доллардың күйреуінің алғышарттары жоқ, «доллардан бас тарту үшін Халықаралық валюта қорынан шығып, рубльдің айырбасталуын жою қажет, бұған ешкім де бара алмайды».

Өз кезегінде, «Ланта Банктің» инвестициялық операциялар басқармасының бастығы Олег Поддымников долларға тыйым салу қара базарда американдық валютаның пайда болуына әкеліп соғады, ал бұл жағдайды ушықтыра түседі» , деп атап өтті.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!