Досаевтың «сценарийі» бойынша биыл инфляция 6,8 пайыздан аспайды

Фотография - Досаевтың «сценарийі» бойынша биыл инфляция 6,8 пайыздан аспайды

Досаевтың «сценарий» бойынша жалпы ішкі өнім көлемі 6 пайыз көлемінде сақталуы керек.

144 0

Болжам бойынша биыл инфляция 6,8 пайыздан аспайтын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2013-2015 жылдарға арналған нақтыланған бюджеттік болжамды таныстыра отырып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Болжам бойынша 2013 жылы жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 291 млрд теңгені құрайды», - деді министр.

Досаевтың «сценарий» бойынша жалпы ішкі өнім көлемі 6 пайыз көлемінде сақталуы керек.

«2013 жылы нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі базалық сценарий бойынша бекітілген деңгейде, яғни 6 пайыз көлемінде сақталуда. Инфляция да бекітілген деңгейде сақталып, 6,8 пайыздан аспайтын болады», - деп мәлім етті Досаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!