Қазақстан үкіметі 2013 жылғы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2,5 %-ға арттыруды ұсынады

Фотография - Қазақстан үкіметі 2013 жылғы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2,5 %-ға арттыруды ұсынады

Қазақстан үкіметі 2013 жылғы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2,2 %-дан 2,5 %-ға арттыруды ұсынады, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Астанада өткен үкімет отырысында.

262 0

Қазақстан үкіметі 2013 жылғы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2,2 %-дан 2,5 %-ға арттыруды ұсынады, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Астанада өткен үкімет отырысында.

 

«Күтілетін шығындарды ішінара өтеу мақсатында бюджет тапшылығы 85,4 млрд. теңгеге артып, 870,6 млрд. теңге сомасында немесе Жалпы ішкі өнімге қарағанда 2,5% көзделіп отыр, оның ішінде 2012 жылғы бюджет қалдықтарының 20 млрд. теңгеге тартылуы есебінен», - деді Досаев үкімета отырысында.

 

Министрдің айтуынша, 2013 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарлары (трансферттердің түсімін ескермей) 226,1 млрд. теңгеге азая отырып нақтыланды және 3 588,2 млрд. теңге сомасында айқындалды.  Түсімдердің азаюы мынадай ұстанымдар бойынша болжанады: 1. 231,1 млрд. теңгеге салықтық түсімдер бойынша.

 

Негізгі төмендеу металдар мен қатты пайдалы қазбаларға әлемдік бағалардың төмендеуі нәтижесінде мұнай емес сектордың Жалпы қосылған құны өсу қарқынының төмендеуіне байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша (299,9 млрд. теңге) күтіледі.

 

Сонымен бірге, 23,8 млрд. теңге сомасында корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша түсімдер де болады, сондай-ақ салықты әкімшілендіруді жақсарту нәтижесінде – 11,8 млрд. теңге және жоспарда ескерілмеген «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2012 жылғы салық декларациясын тапсыру нәтижелері бойынша түсімдер – 12,0 млрд. теңге.

Жалпы алғанда қосылған құн салығының төмендеуі

59,6 млрд. теңгені құрайтын болады, оның ішінде импорт көлемінің және Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының төмендеуі есебінен 120,1 млрд. теңгеге азаяды. Сонымен қатар Қосылған құн салығын қайтару сомаларының азаюы және салықтық әкімшілендірудің жақсаруы есебінен 60,5 млрд. теңгеге ұлғаяды.

 

Қабылданған қаулыға сәйкес шикі мұнайға кедендік баж мөлшерлемесін тоннасына 40 АҚШ долларынан тоннасына 60 АҚШ долларына өзгерту есебінен халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салықтар бойынша 124,5 млрд. теңгеге ұлғайту болжанып отыр.

 

16,9 млрд. теңгеге ұлғайта отырып, нақтыланды, бұл 75,7 млрд. теңгені құрайды. Ұлғайтуда «KazSat-1» спутнигі үшін 5,1 млрд. теңге сомасындағы сақтандыру төлемдерінің түсімдері көрсетілген, олар «KazSat-3» спутнигін 2014 жылы ұшыру үшін оны жасауға жұмсалатын болады.

 

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 11,8 млрд. теңгеге азайтылды. 2012 жылы астық сатып алу көлемін қысқартуға және тиісінше 2013 жылы мемлекеттік резервтерден астық сатудың азаюына байланысты мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдер бойынша азаю күтіліп отыр.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!