«KEGOC» комапниясының «Халықтық IPO-ға» шығатын мерзімі анықталып жатыр

Фотография - «KEGOC» комапниясының «Халықтық IPO-ға» шығатын мерзімі анықталып жатыр

Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

132 0

«KEGOC» акционерлік қоғамының «Халықтық IPO-ға» шығатын мерзімі анықталып жатыр. Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

"Акция бағасы, орналастырылу көлемі және өтініш бере бастаудың ықтимал датасы бойынша түпкілікті шешімді Үкімет қабылдайды. Ал компанияның өзі болса, қажетті процедураларды аяқтады және IPO-ға шығуға дайын", делiнген хабарламада.

«Мен қазiргi уақытта әлеуеттi инвесторлардың құқығын қорғау бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өткiм келедi. Осыған орай, Үкiмет пен акционердiң шешiмiн күтуге тура келедi. Олар компания акцияларын орналастырудың параметрлерiн түпкiлiктi бекiтетiн болады», - деп атап көрсеттi «KEGOC» АҚ Қоғаммен байланыс бөлiмiнiң бас менеджерi Марат Мұхамедсалиев.

«KEGOC» акционерлік қоғамы өз саласында ең iрi компания болып табылады. 2013 жылдың I тоқсанында «KEGOC» 3,8 млрд. теңге таза табыс тапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда, 70 пайызға көп.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!