Неміс кәсіпкерлері қазақстандық нарыққа дендей енуге ниетті

Фотография - Неміс кәсіпкерлері қазақстандық нарыққа дендей енуге ниетті

Қазақ-герман сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту аясында, Мекленбург - Алдыңғы Померания федералдық жерінің астанасы Шверин қаласында Қазақстанның екінші Экономика күні өткізілді.

126 0

Қазақ-герман сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту аясында, Мекленбург - Алдыңғы Померания федералдық жерінің астанасы Шверин қаласында Қазақстанның екінші Экономика күні өткізілді.

Шараға Бундестаг депутаты, ЕКПА мүшесі Карин Штренц ханым, Герман экономикасының Қазақстан мен Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Йорг Хетчт және ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов төрағалық етті.

Экономика күні Стратегия-2050, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтары, сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы ақпан айында Германияға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ұйымдастырылды.

Шара баламалы энергетика, логистика, өндеу, аграрлық және экологиялық техника, мал шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау, қосарлы білім беру, туризм сияқты қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығының өзекті салаларын қамтыды.

Экономика күнінің ашылуында сөйлеген сөзінде К.Штренц қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығының жоғары әлеуеті туралы атап өтті. Сондай-ақ еліміздің халықаралық сахнадағы позициясын нығайтуға бағытталған қазақстандық басшылықтың көреген және жүйелі саясатына жоғары баға берді.

Форумда Елбасының өткен жылғы ГФР-ға сапарының нәтижелері айтылды. Осыған орай, екі ел арасындағы шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті тиімді түрде іске асыру қажеттілігіне, кәсіби-техникалық білім беру неміс «қосарлы» жүйесінің нұсқалары мен тетіктерінің кезең-кезеңмен енгізілуіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар өңірлер арасындағы кооперацияны орнықты дамыту шеңберінде осындай форумдар мен келіссөздердің ерекше маңыздылығына көңіл бөлінді. Осы тұрғыда 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің, сондай-ақ Алматыда Универсиаданың өткізулерін әзірлеу жобаларына қатысу мүмкіндіктері сараланды.

Келелі кеңеске Мекленбург - Алдыңғы Померания жерінің 100-ден астам қоғамдық-саяси және іскерлік топтар өкілдері қатысты, олардың ішінде Бундестаг депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталықтардың қызметкерлері, сондай-ақ өнеркәсіп, логистика және көлік салаларында мамандандырылған неміс фирмаларының басшылығы қатысты.

Форум барысында жел қуаты саласында жаңа технологиялар тарту, ғимараттарда энергия сақтау және тиімділігін арттыру сияқты мәселелерде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!