Сәуірде инфляция деңгейі 6,4%-ды құрады – Ұлттық банк

Фотография - Сәуірде инфляция деңгейі 6,4%-ды құрады – Ұлттық банк

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша, 2013 жылы сәуір айында инфляция 0,3% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

181 0

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша, 2013 жылы сәуір айында инфляция 0,3% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Айта кету керек, 2012 жылдың сәуірінде инфляция деңгейі 0,7%-ды құраған болатын.

«2013 жылғы сəуірде инфляция 0,3% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2% өсті. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,5%-ға өсті», - делінген хабарламада.

Баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, азық-түлік тауарлары нарығында 2013 жылғы сəуірде көп дəрежеде жұмыртқа 1,6%-ға, макарон өнімдері 0,4%-ға, балық жəне теңіз өнімдері 0,4%-ға, қант 0,3%-ға, ет жəне етөнімдері 0,3%-ға, сүт өнімдері 0,1%-ға қымбаттады. Сонымен қатар жарманың бағасы 1,3%-ға, оның ішінде қарақұмық жармасы бағасының 2,4%-ға, май жəне тоң май 0,3%-ға, күнбағыс майының 0,8%-ға, күріш, жемістер мен көкөністердің 0,1%-ға төмендеуі тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында киім мен аяқ киім бағасы 0,3%-ға, күнделікті үй заттары 0,3%-ға, дəрі-дəрмек 0,2%-ға көтерілді. Бензиннің құны өзгерген жоқ, дизель отынының құны 0,3%-ға өсті.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің ақысы 0,6%-ға өсті. Бұл ретте салқын су тарифі 4,0%-ға, кəріз 2,7%-ға, қоқысты жинау 1,7%-ға, бөлу желілері бойынша тасымалданатын газ 1,0%-ға өсті. Сонымен қатар өткен айда байланыс қызметінің бағасы өзгерген жоқ, көлік қызметінің бағасы 0,2%-ға көтерілді. Медициналық қызметтер бағасы 1,0%-ға қымбаттады.

2013 жылғы қаңтар-сəуірде инфляция 2,2% құрады. Азық-түлік тауарлары 2013 жылдың басынан бастап 1,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%-ға, ақылы қызметтер 4,6%-ға қымбаттады.

2013 жылғы сəуірде инфляция жылдық көрсетуде 6,4% құрады. Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 4,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,0%, ақылы қызмет көрсету 12,3% қымбаттады.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!