Банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 1,2%-ға артты

Фотография - Банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 1,2%-ға артты

деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

141 0

2013 жылғы наурызда банктердің экономикаға кредит беруінің жалпы көлемі 10118,2 млрд. теңгені құрап, 1,2%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Баспасөз хабарламасында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 7262,6 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 2855,6 млрд. теңге құрап, айтарлықтай өзгергенжоқ. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы бір айда 71,4%-дан 71,8%-ға дейін өсті.

«2013 жылғы наурызда ұзақ мерзімді кредиттеу 8172,1 млрд. теңгені құрап, 1,2%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 1946,2 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды. Ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы бір айда 80,7%-дан 80,8%-ға дейін артты», - делінген хабарламада.

2013 жылғы наурызда заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7152,4 млрд. теңгеге дейін 1,0%-ға артты, жеке тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 2965,8 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 29,2%-дан 29,3%-ға дейін ұлғайды.

2013 жылғы наурызда шағын кəсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1385,1 млрд. теңгеге дейін 0,3%-ға төмендеді, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 13,7%-ын құрайды.

Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпыкөлемдегіүлесі – 20,2%), құрылыс (13,5%), өнеркəсіп (12,0%), көлік (4,2%) жəне ауылшаруашылығы (3,4%) сияқты салаларға тиесілі.

2013 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,6% (2013 жылғы ақпанда – 10,4%), жеке тұлғаларға – 21,6% (20,9%) болды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!