Қазақстан 2012 жылы Қырғызстанға 32 млн доллар тікелей инвестиция салған

Фотография - Қазақстан 2012 жылы Қырғызстанға 32 млн доллар тікелей инвестиция салған

Бұл туралы Бішкекте өткен «Жаш илимпоз» V халықаралық жастар форумында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы өкілі Жәмила Абдуллаева мәлімдеді.

176 0

2012 жылы Қазақстан Қырғызстанға 32 млн доллар тікелей инвестиция салған. Бұл туралы Бішкекте өткен «Жаш илимпоз» V халықаралық жастар форумында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы өкілі Жәмила Абдуллаева мәлімдеді.

«2005 жылдан бері Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1 млрд доллар қаржы құйған. 2011 жылы Қазақстанның тікелей инвестициясы 254 млн долларды құрады»,-деді Абдуллаева.

Абдуллаеваның сөзіне қарағанда, соңғы бінеше жыл бойы Қазқақстан шетел экономикасына инвестиция құю арқылы жаңа нарықты жүйелі түрде игеруде. 2012 жылы шетел экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 6,2 млд долларға жеткен.

«Қазақстан инвестициясы негізінен Ресей мен Қырғызстанға салынған. 2012 жылы Ресей экономикасына 1,1 млрд доллар, Беларус экономикасына 6,1 млн доллар қаржы құйылған. ТМД-дағы Ресей инвестициясы бойынша Қазақстан екінші орында тұр және ТМД елдерінің жалпы сегментіндегі инвестиция 25,3%-ға тең»,-деді ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!