«Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесінің тұсаукесері өтті

Фотография - «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесінің тұсаукесері өтті

Кеше Қазақстанда «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесінің тұсаукесері өтті.

169 0

 Кеше Қазақстанда «Беларусь ЭКСПО-2013» ұлттық көрмесінің тұсаукесері өтті.

Бұл туралы Беларусь Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап БЕЛТА хабарлайды.

Шараға Қазақстанның атқарушы органдарының өкілдері, қазақстандық іскерлік топтар мен дипломаттар қатысқан. Таныстырылым барысында беларусьтық дипломаттар «Беларусь ЭКСПО-2013» көрмесінің салалық мазмұны жайлы кеңінен әңгімеледі. Қазақстанда ағымдағы жылдың маусым айында өтеді деп жоспарланған Беларусь ұлттық көрмесінде аталған елдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері, өнімдер мен ғылыми-технологиялық жұмыстар ұсынылмақ. Осыған орай, алдағы ұлттық көрмеге 200-ге тарта  белорусьтық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысатыны жоспарланған.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!