Қытай мен Үндістан әлем экономикасының алып қозғалтқышына айналмақ

Фотография - Қытай мен Үндістан әлем экономикасының алып қозғалтқышына айналмақ

Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кецян жаңа қызметіндегі тұңғыш шетелдік сапарын жасаған Үндістанда екі ел қарым-қатынасын нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

147 0

Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кецян жаңа қызметіндегі тұңғыш шетелдік сапарын жасаған Үндістанда екі ел қарым-қатынасын нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Делиде Ли Кецян ел премьер-министрі МанмоханСингхпен келіссөздер жүргізеді.

Бұған дейін Үндістан мен Қытай шекара мәселесін ретке келтірді. Естеріңізде болса, үндістандық билік өкілдері Үндістан аумағында әскерін топтастыруда деп Пекинді айып астына алған болатын.

Дау шешімін тапқанымен, шекара әлі нақты белгіленбеді. Қытай әскери қызметкерлерінің әрекетіне қарсы наразылық шарасы ретінде Үндістан парламенті ғимаратының алдында шеру өтіп, оның қатысушылары ел үкіметін Қытайға қатысты қатаң позиция ұстануға шақырды.

Келіссөздер барысында сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланатын болады. Қытай мен Үндістан арасындағы тауар айналымы былтыр 66,4 млрд долларға жеткен. Биыл оның көлемін 100 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!