Керчьке сұйытылған газды ауытқу бойынша «АЕГаз Терминал» қуаты арттырылады

Фотография - Керчьке сұйытылған газды ауытқу бойынша «АЕГаз Терминал» қуаты арттырылады

Қазақстан Республикасының Украина және Молдова Республикасындағы Елшісі Зауытбек Тұрысбеков Крым Автономиялық Республикасына сапары аясында  тараптар Керчь қаласына сұйытылған газды ауытқу бойынша «АЕГаз Терминал» қуатын арттыру туралы келіссөздерге қол жеткізілді деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

148 0

Қазақстан Республикасының Украина және Молдова Республикасындағы Елшісі Зауытбек Тұрысбеков Крым Автономиялық Республикасына сапары аясында  тараптар Керчь қаласына сұйытылған газды ауытқу бойынша «АЕГаз Терминал» қуатын арттыру туралы келіссөздерге қол жеткізілді деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.


Ведомствоның мәліметінше, сапар шеңберінде Крым Автономиялық Республикасының Министрлер Кеңесінің Төрағасы Анатолий Могилёвпен, Жоғарғы Раданың Төрағасы Владимир Константиновпен, сондай-ақ Керьч мэрі Олег Осадчиймен кездесулер өтті. Кездесулер барысында Қазақстан мен Украинаның экономикалық әріптестігі және Қазақстан аймақтарының Крым Автономиялық Республикасымен ынтымақтастығы келешегінің өзекті мәселелері талқыланды.


«Кездесулер барысында тараптар Керчь қаласына сұйытылған газды ауытқу бойынша «АЕГаз Терминал» қуатын 1 млн. тоннаға дейін арттыру және қуаттығы 700 мың тоннаға дейінгі астық терминалын салу жөнінде келісімге келді»,-делінген хабарламада.


Крымға сапар шеңберінде З.Тұрысбеков сондай-ақ Крым Автономиялық Республикасының Шипажай мен туризм министрі Александр Лиевпен кездесті. Кездесуде туризм саласындағы ынтымақтастықты белсендету мәселелері талқыланды. Тараптар Крым тұрғындарының Қазақстанға және қазақстандықтардың Крымға туристік бағдарламаларын дамыту бойынша өзара қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, А.Лиев Қазақстанның туристік саладағы жоғары мүмкіндіктерін атап өтіп, Батыс Украина мен Крымның ең жақсы сауықтыратын орындарында қазақстандықтардың ем алу бағдарламаларын ұйымдастыруға бағытталған ҚР Елшілігінің «Емдік туризм» бағдарламасына қатысуға дайын екендігін білдірді.

 


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!