«Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты - «ҚазТрансОйл» акцияларының бағасы төмендеді

Фотография - «Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты - «ҚазТрансОйл» акцияларының бағасы төмендеді

«Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) акцияларының бағасы төмендеді.

207 0

«Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) акцияларының бағасы төмендеді.

Бұл туралы Халықтық IPO-ның ресми сайтында хабарланды.

«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша нарыққа алғашқы болып шыққан «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) акцияларының бағасы біршама төмендеді, ол апта ішінде шамамен 5 теңгеге арзандады. Атап өтерлігі, мамырдың басынан бері ҚТО-ның бір акциясы 840 теңгеден жоғары бағаға сатылуда, алайда 850 теңгелік психологиялық барьер әлі еңсерілмей жатыр. Естеріңізге салайық, Ұлттық банк тарапынан қойылған шектеуге сәйкес, қазақстандық зейнетақы қорлары ҚТО акцияларын 850 теңгеден қымбат бағаға сатып ала алмайды. «Асыл-Инвест» сарапшылары компания акциясын 1084 теңгелік мақсатты бағаға сатып алуды ұсынып отыр. «Акцияны қазір сатып алатын болса, инвестор екі жылдың ішінде қомақты дивидендттік төлемдер ала алады, себебі реестрді тіркеу тек 13 мамырда ғана болады», - делінген «Асыл-Инвесттің» сараптамалық шолуында.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!