«Самұрық-Қазына» қоры «ҚазТрансГазды» Халықтық IPO-ға келесi жылы шығаруды жоспарлауда

Фотография - «Самұрық-Қазына» қоры «ҚазТрансГазды» Халықтық IPO-ға келесi жылы шығаруды жоспарлауда

деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының сайты

407 0

"Самұрық-Қазына" қоры "ҚазТрансГазды" Халықтық IPO-ға келесi жылы шығаруды жоспарлауда, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының сайты.

«Менің күтуімше, біз осы жылы «Халықтық IPO-ға» тек бір ғана компанияны шығарамыз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Питер Хауз.

Оның пайымдауынша, Қазақстанның қор нарығына әр жарты жылда тек бір ғана компанияны шығарса жетіп жатыр.

«Егер бәрі дайын болса, біз KEGOC-ты қазір немесе екінші жарты жылдықта «Халықтық IPO-ға» шығаруды жоспарлап отырмыз. Егер дайын болмаса, бұл жұмыс келесі жылы жүзеге асырылады», - деді П.Хауз Астанада журналистерге.

«Ал, «ҚазТрансГазды» келесі жылы шығаруды жоспарлап отырмыз», - деп қосты ол.


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!