Қарашығанақ жобасын кеңейтсе, қазақстандық үлес артады

Фотография - Қарашығанақ жобасын кеңейтсе, қазақстандық үлес артады

Бұл туралы бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатыса отырып, «Би Джи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Крис Финлейсон мәлім етті.

285 0

Қарашығынақ жобасын кеңейтсе, қазақстандық үлес артады. Бұл туралы бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатыса отырып, «Би Джи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Крис Финлейсон мәлім етті.

«Технологияның жоғары деңгейде дамуы Қазақстандағы мұнай-газ секторының жемісті дамуы үшін өте маңызды. Қиын жағдайдағы геологиялық құрылыстар, жоғары қысым, температура мен өте көп мөлшердегі шикізат көмірқышқыл газдарын қазу кезінде ең мықты технологиялық стандарттарды пайдалануды талап етеді. Қарашығанақ кен орнын игеру осы сөзімнің дәлелі болмақ. Газ қазу кезінде қолданылатын соңғы заманауи технологиялардың, қоршаған ортаны ластамау талаптарын орындай отырып, жұмыс жүргізу, басқа да технологияларды қайта пайдаланудың арқасында техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдік деңгейге көтерілді. Бұл өткен жылы бізге Қарашығанақта кен қазудың рекордтық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді», - деді өз сөзінде ол.

«Бірақ біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Болашақта Қарашығанақты кеңейту жөніндегі жоба аясында инновциялық технологияларды пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Мысал ретінде кен орнының геологиялық ортасын барынша сапалы етіп көрсету үшін жаңа әдістер мен 3D түрінде пайдаланылатын сейсмикалық мәліметтерді айтуға болады. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы мен халықаралық консорциумның өзге де әріптестері Қарашығанақ жобасының кеңеюіне мүдделі. Осы мүдденің нәтижесінде біз жаңа технологиялардың пайдаланылуын тездетіп қана қоймай, тауарлар, қызметтер мен жұмысшылардың қазақстандық үлесін арттырамыз. Халықаралық тәжірибенің арқасында және энергетика саласындағы шетелдік инвесторлардың көмегімен біз «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының аясында Салалық тәжірибе кодексін әзірлеген болатынбыз. Сол кодекстің арқасында Қарашығанақ кен орнын игерудің келесі кезеңінде қазақстандық үлес артады. Қазірдің өзінде Қарашығанақ жобасы бойынша сатып алулардың 56 пайызы жергілікті компаниялардан салып алынады. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұл жетістік бәрімізге ортақ. Қарашығанақ жобасын барынша тез кеңейте бастасақ жаңа жұмыс орындары да жақын арада ашылып, жаңа технологиялар нарыққа тез жетеді», - деді өз баяндамасында ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!