2012 жылы Қазақстанға 22,5 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды

Фотография - 2012 жылы Қазақстанға 22,5 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды

«Құрылыс және электрмен жабдықтау саласына тартылған инвестиция 1,5 есеге артты»,-деді Ә. Исекешев.

165 0

2012 жылы Қазақстанға 22,5 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды.

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, елімізде шетел инвестициясын тарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізіліп, Ұлттық жоспар әзірленген.

«Қазіргі таңда экономикаға 171 млрд. доллар тікелей шетел инвестициясы құйылды. Оның 48 пайызы немесе 82 млрд. доллары соңғы төрт жылда тартылды»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, өткен жылы Қазақстан экономикасына құйылған шетел инвестициясының көлемі 22,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш болып есептеледі. Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған соңғы төрт жылда 40-тан астам инвестиция өңдеу өнеркәсібі саласына салынды.

«Құрылыс және электрмен жабдықтау саласына тартылған инвестиция 1,5 есеге артты»,-деді Ә. Исекешев.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!