«ҚазМұнайГаз» БӨ 2006 жылдан бергі рекордты көлемдегі дивидендтер сомасын төлейді

Фотография - «ҚазМұнайГаз» БӨ 2006 жылдан бергі рекордты көлемдегі дивидендтер сомасын төлейді

Жиналыс Астанада сейсенбі, 21 мамыр күні өтті. 

267 0

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2012 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық есебі мен дивидендтер мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

Жиналыс Астанада сейсенбі, 21 мамыр күні өтті. 

Салықты қосқанда, бір акцияға төленетін дивиденд 1619 теңгені құрады. Осылайша, акционерлерге төленетін дивидендтің жалпы сомасы шамамен 110 млрд. теңгені құрайтын болады ($740 млн).

«Бір акцияға төленетін бекітілген дивиденд мөлшері өткен жылғы көрсеткіштен 25%-ға көп және 2006 жылғы IPO-дағы сәтінен бергі  ең қомақтысы болып табылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша компания акционерлеріне жылдық дивидендті төлеу 2013 жылғы 31 мамырдағы 23 сағат 59 минуттағы реестрлерді тіркеуге сәйкес жүргізіледі және 2013 жылдың 1 шілдесінен басталады», - деп хабарлады ҚМГ БӨ баспасөз қызметінен.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!