Бүгінде оффшорлық аймақтарға 30 трлн. долларға дейін қаржы құйылуда

Фотография - Бүгінде оффшорлық аймақтарға 30 трлн. долларға дейін қаржы құйылуда

Оффшорларға жаһандық тұрғыдан бақылау жүргізуге көбірек көңіл бөлу керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты

203 0

Оффшорларға жаһандық тұрғыдан бақылау жүргізуге көбірек көңіл бөлу керек. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияның салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Бүгінде әлемдік экономикадан алатын сабақтардың бірі - өлшем қанағаты мәселесі екендігіне тоқталған Мемлекет басшысы: «Біріншіден, жаһандық, ұлттық деңгейде болсын қаржы секторы шынай өндірістен бөлек дами алмайды», - деді.

Елбасының атап өтуінше, дағдарысқа дейінгі өндіріс көлемінің дүниежүзілік жалпы ішкі өнімде 8 пайызға өскендігін байқауға болады. Сондықтан да жаһандық қаржылық дамуды басқаруды реформалауда құнды қағаздар нарығын реттеу моделін жасауға көбірек көңіл бөлу керек.

«Екіншіден, оффшорларға жаһандық тұрғыдан бақылау жүргізуге көбірек ден қою керек», - деді ҚР Президенті.

Н.Назарбаевтың алға тартқан деректеріне қарағанда, бүгінде осы оффшорлық аймақтарға 30 трлн. долларға дейін қаржы құйылуда. Ал оларды баяу іске қосылатын минамен салыстыруға болады. «Кипрдағы жағдайды қатаң ескерту ретінде қарастыру керек», - деді Елбасы.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!