"Халықтық IPO жабылады" деген ақпарат туралы Жәмішев мәлімдеме жасады

Фотография - "Халықтық IPO жабылады" деген ақпарат туралы Жәмішев мәлімдеме жасады

Бүгін кеденшілер бас қосқан Форумға келген қаржы министрі Болат Жәмішев ақпаратты еш негізсіз екендігін айтып, жоққа шығарды

226 0

«Халықтық IPO» бағдарламасының жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Бүгін кейбір Бұқаралық ақпарат құралдарында осындай ақпарат пайда болды. Алпауыт компаниялардың акционері атанып, қосымша пайда табамыз деген халыққа бұл төбеден түскендей тосын жаңалық болды. Мәселенің анық-қанығын арнайы мамандардан сұрап білдік. Бүгін кеденшілер бас қосқан Форумға келген қаржы министрі Болат Жәмішев ақпаратты еш негізсіз екендігін айтып, жоққа шығарды

БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

- Әрине «Халықтық IPO» төңірегінде шешуді қажет ететін техникалық, заңдық тұрғыда мәселелер бар. Алайда, оның бәрі уақытында реттелетін болады. Сондықтан бағдарламаны тоқтатудың еш негізі жоқ, ол қалай басталды, солай жалғаса береді.

Кейбір инвесторлардың пайымдауынша, мұндай ақпаратты бәсекелес компаниялар шығаруы мүмкін.

ТИМУР ТУРЛОВ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Менің ойымша, бұл - бағдарламаны тоқтатуға немесе оның ары қарай жүргізілуіне жол бермеу мақсатында бір-біріне күш көрсетіп отырған түрлі беделді топтардың жасап отырғаны. Дегенмен, мұндай қайшылықтардың пайда болуы, бұл жобаны ары қарай нығайта түспек.

Айта кетейік, Бас прокуратура «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыруда бірқатар заңсыздықтар анықтаған. Дегенмен, қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, стратегиялық нысандардың мәселелерін қарастырып жатыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!