Қазақстан инвестиция тартудан ТМД елдері арасында көшбасшы

Фотография - Қазақстан инвестиция тартудан ТМД елдері арасында көшбасшы

Қазақстан инвестиция тарту жағынан ТМД елдері арасында көшбасшы мемлекет. Бұл жайында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов VI АЭФ «Astana Invest-2013» форумының ашылуы кезінде мәлімдеді.

322 0

Қазақстан инвестиция тарту жағынан ТМД елдері арасында көшбасшы мемлекет. Бұл жайында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов VI АЭФ «Astana Invest-2013» форумының ашылуы кезінде мәлімдеді.

«Қазақстан адам басына шаққанда тартылған инвестицияның көлемі жағынан ТМД елдерін 1,5 есеге басып озып, көшбасшы саналып отыр» деді С.Ахметов.

Премьер-министр атап өткендей, бизнес-бастамаларды қолдау, іскерлік климатты дамыту, мемлекет пен жекенің арасындағы серіктестік орнату Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі.

«Біз бизнес-қоғамдастық тарапынан кез-келген бастама мен ұсыныс үшін ашықпыз және дайынбыз» деді Үкімет басшысы.

Астананың даму барысы жайында сөз еткен С.Ахметов Елорда одан әрі «ақылды шешімдер» мен смарт-технологияларға негізделген «Болашақтың қаласы» концепциясы бойынша дамитындығын айтты.

«Астана бүкіл еліміздің экономикалық дамуына серпін берген, прогресс пен динамикалық өзгерістердің негізі болған Қазақстанның жас елордасы атанды. Мемлекет басшысы қолдауының арқасында қаламыз ірі саяси және экономикалық орталыққа, сондай-ақ, аймақтағы маңызды халықаралық шаралар мекеніне айналды» деп сөзін түйіндеді Премьер министр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!