АЭФ қорытындысында құны 2,7 млрд $ келісім бекітілді

Фотография - АЭФ қорытындысында құны 2,7 млрд $ келісім бекітілді

135 0

VI Астана Экономикалық форумының аясында жалпы сомасы 2,7 млрд доллар болатын келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды, - деді «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның қорытындысы баспасөз мәлихатында. 

«Форум аясында сексеннен астам меморандум мен келісімдерге қол қойылды. Ал олардың жалпы сомасы 2,7 млрд АҚШ долларын шамалайды», - деді ол.

Сонымен қатар, Серік Нөгербекұлы VI Астана экономикалық форумының барысында сегіз жүзден атсам журналист тіркеліп, 70-тен астам ірі БАҚ өкілдері жиынды бақылаған және Euronews, CNN секілді белді телеарналар мен беделді басылымдар оннан астам түрлі тақырыптарда қызу дебаттар ұйымдастырып, арнайы репортаждар жасағанын атап өтті.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!