Экономикалық жетістіктер ел саулығын нығайтуға бағытталды

Фотография - Экономикалық жетістіктер ел саулығын нығайтуға бағытталды

«Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы елiмiздiң әлеуметтiк дамуының басым бағыттарын тағы бiр тиянақтап, алда атқарылар iстердiң ауқымын айқындап бердi.

208 0

«Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы елiмiздiң әлеуметтiк дамуының басым бағыттарын тағы бiр тиянақтап, алда атқарылар iстердiң ауқымын айқындап бердi.

Оның бәрі саламатты қоғам құруға, сауатты ұрпақ тәрбиелеуге, өркениеттi елдер өнегесiнен үлгi алуға, әлеуметтiк еңбек қарым-қатынасын дамытуға бағытталған. Ел Президентi бұл жолы да кәсiби бiлiктiлiктi жетiлдiруге, адам мүмкiндiгiнiң деңгейiн көтеруге, медицина қызметiнiң сапасын арттыруға және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, әлеуметтiк әдiлеттi өмiр салтын қалыптастыруға айрықша назар аударған екен.

Экономиканың көтерiлуi нәтижесiнде 2005 жылдан бастап елiмiздiң денсаулық сақтау саласына мемлекеттiк, сондай-ақ мемлекеттiк емес секторға инвестиция салу арта түстi. Тәуелсiздiк жылдары денсаулық және бiлiм беру салалары ырғақты дамуда, олардың материалдық-техникалық базалары кең көлемде жаңартылды, мамандар даярланды, осы заманғы озық технологиялар мен техникалар қолданылуда. Әлеуметтiк саланың құрамдас бөлiгi болып табылатын денсаулық сақтау мәселелерi басымдылық жағдайда шешiмiн табуда.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!