Ұлттық банк Мағжанға арналған монетаны айналымға шығарды

Фотография - Ұлттық банк Мағжанға арналған монетаны айналымға шығарды

Ескерткіш монетаны «Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқы­ғы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған

227 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 28 мамырдан бастап нейзильбер қоспасынан жасалған номиналдық құны 50 теңгелік М.Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған ескерткіш монетаны айналысқа шығаратындығын хабарлады

Монетаның қыры бедерлі және қапта­лындағы бейнелер мен жазулар шығыңқы.

Диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 000 дана.

Номиналы 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлем­нің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Рес­­­­­­­­публикасының барлық банктерінде шек­теусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монетаны «Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқы­ғы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монетаның дизайны Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекі­тілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

P.S 2013 жылғы 25 маусымда Алаш арысы, ақын, публицист, педагог, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 120 жыл толмақ.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!