Анкара мен Ашғабат газ экспорты туралы келісім жасады

Фотография - Анкара мен Ашғабат газ экспорты туралы келісім жасады

Түркия президенті Абдулла Гүлдің Түркіменстанға үш күндік сапары кезінде екі елдің өкілдері Түркіменстаннан табиғи газ экспорттауға қатысты келісімге қол қойды

341 0

Түркия президенті Абдулла Гүлдің Түркіменстанға үш күндік сапары кезінде екі елдің өкілдері Түркіменстаннан табиғи газ экспорттауға қатысты келісімге қол қойды. Сонымен бірге Түркия басшысы Гүл мен Түркіменстан президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов тағы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды деп хабарланды.

Сәрсенбі күні Түркіменстанға келген Абдулла Гүлді әскери парадпен қарсы алды. Бейсенбіде оған Түркіменстанның жоғары мемлекеттік наградасы тапсырылды.

Осы сапар кезінде түрік президенті Ашғабат маңындағы жылқы фермасын аралап, Түркіменстанда жұмыс істеп жатқан түрік бизнесмендерімен кездеспекші.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!