Қазақстанның ең бай жас бизнесмендерінің рейтингі жасалды

Фотография - Қазақстанның ең бай жас бизнесмендерінің рейтингі жасалды

Forbes Kazakhstan " Қазақстанның 50 бай адамы - 2013" рейтингін жасады. Оның қатарына 40 жастан аспаған 7 бизнесмен енді

297 0

Forbes Kazakhstan " Қазақстанның 50 бай адамы - 2013" рейтингін жасады. Оның қатарына 40 жастан аспаған 7 бизнесмен енді.


Олардың ең жасы – Нұрали Әлиев: 2013 жылдың 1 қаңтарында ол 28 жасқа толды. Ең үлкені – Алмас Мыңбаев: 1974 жылдың 26 сәуірінде туған.

Айгүл Нұриева

Жалпы рейтингте 9-орында. Жасы: 38. Байлығы: $780 000 000. Қаржы көзі: инвестиция, қаржы, телекоммуникация.

2012 жылы тамызда TeliaSonera қазақстандық Alem Communications-тен $170 млн-ға WiMAX желісін сатып алған. ҚБФ (Қаржылық бақылау агенттігі) мәліметінше, Alem Communications-ның 85,53%-ы "Midas Telecom" арқылы Айгүл Нұриеваның иелігінде көрінеді.

Ғалымжан Есенов

Жалпы рейтингте 14-орында. Жасы: 31. Байлығы: $480 000 000. Қаржы көзі: қаржы, химпром.

Ғалымжан Есенов UniCredit-тен АТФБанкты сатып алу үшін қазақстандық биліктен оған қажетті рұқсаттардың бәрін алып болды.

Дәурен Жақсыбек (Жақсыбековтер отбасымен бірге)

Жалпы рейтингте 19-орында. Жасы: 34. Байлығы: $380 000 000. Қаржы көзі: қаржы, АӨК.

Отбасы "Цесна" компаниясын бақылайды, оның құрамына Цеснабанк, "Цесна-Астык" Концерні» ЖШС, "Медет-Холдинг" ЖШС, "Цесна-Капитал" брокерлік компаниясы мен "Цесна-Гарант"сақтандыру компаниясы енеді.

Кеңес Рақышев

Жалпы рейтингте 21-орында. Жасы: 34. Байлығы: $332 000 000. Қаржы көзі: қаржы, мұнай өңдеу, машинажасау, сақтандыру, IT, ГМК.

2013 жылды Кеңеса Рақышев робототехникаға инвестиция салудан бастады.

Нұрали Әлиев

Жалпы рейтингте 32-орында. Жасы:28. Байлығы: $200 000 000. Қаржы көзі: қаржы, АӨК, медиа, телекоммуникация.

Forbes Kazakhstan-тің дерегі бойынша сатылуға дайындалып жатқан ALMA TV-дің 20% Нұрәли Әлиевтің иелігінде. Оған 20% "НТК" АҚ, 100% "СAPITAL HOLDING"АҚ, отель-ресторан "Донателло", сонымен қатар "Телекрона"ЖШС (IT, желісі) мен "Радио Сити"-де (Hit FM) үлесі бар.

Игорь Школьник

Жалпы рейтингте 44-орында. Жасы:32. Байлығы: $110 000 000. Қаржы көзі: мұнай өңдеу

Игорь Школьник 23 жасында Coalco-дың вице-президенті болды, "КазТрансГазда"жұмыс істеді, 29 жасында «Самұрық-Қазына» Қоры» АҚ атқарушы директоры болды.

Алмас Мыңбаев

Жалпы рейтингте 45-орында. Жасы: 39. Байлығы: $110 000 000. Қаржы көзі: сақтандыру, фосфорит, дистрибуция.

Алмас Мыңбаев "НОМАД Иншуранс" СК, "Национальная лизинговая компания" АҚ, "BA Pharmaceuticals LTD"ЖШС жеке дара меншік иесі болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!