Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу бойынша маңызды келіссөздері басталды

Фотография - Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу бойынша маңызды келіссөздері басталды

Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын әрқашан қолдаған, қолдайды да. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэла Баррозу осылай айтты

312 0

Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын әрқашан қолдаған, қолдайды да. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэла Баррозу осылай айтты.

«Осы орайда атап өтер жәйт, бүгінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу келісімі бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер маңызды мәселелерді талқылауға дейін жетті. Жақын арада біз аталған құжатты рәсімдеуді көздейміз. Содан бастап Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толдық мүшесі бола алады», - дейді Жозе Мануэла Баррозу. Еуропалық комиссияның төрағасы атап көрсеткендей, Еуропалық одақтың өзі Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуына мүдделі. «Себебі осының арқасында екіжақты сауда-экономикалық байланыстар нығая түседі», - деді ол.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!