Қазақстан мен Латвияның сауда-экономикалық айналымы 350 млн. долларды құрайды

Фотография - Қазақстан мен Латвияның сауда-экономикалық айналымы 350 млн. долларды құрайды

Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымын екі есеге ұлғайтуға мүмкіншілік бар. Бұл туралы бүгін елордада өткен қазақстандық-латвиялық бизнес форум барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.  

207 0

Қазақстан мен Латвия арасындағы тауар айналымын екі есеге ұлғайтуға мүмкіншілік бар.

Бұл туралы бүгін елордада өткен қазақстандық-латвиялық бизнес форум барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

«Бірінші кезекте бизнес инвестициялық және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды белсендіруге мүдделілік танытатындығына сенімдімін. Балтық бойындағы басқа елдермен салыстырғанда біздің Латвиямен арадағы сауда-экономикалық айналымымыз өте жоғары. Шынайы санды алар болсақ ол шамамен 350 млн. долларды құрайды. Әрине, бұл бізді қанағаттандырмайды»,-деді Үкімет басшысы.

С. Ахметовтің атап өтуінше, қолдағы бар мүмкіншіліктер мен әлеуетті пайдалана отырып, бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайтуға болады. Өйткені қазіргі таңда елімізде 130-ға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Қазақстанда екі елдің кәсіпкерлері бірлесіп жұмыс істей алатын салалар да жеткілікті.

«Латвия Еуропаның дәл ортасында орналасқан. Сондықтан жаңа технологиялар трансфертін қолдану мүмкіншілігі бар»,-деді ол.

Бұл ретте ҚР Премьер-Министрі шикізатқа технология айырбасы ұстанымын әр кезде де қолдану қажеттігін баса айтты.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!