Қазақстан 8 жылда Өзбекстанға 102 млн. $ инвестиция құйған

Фотография - Қазақстан 8 жылда Өзбекстанға 102 млн. $ инвестиция құйған

2013 жылғы 3-4 маусымда Ташкент қаласында Бірінші Вице-Премьер, ҚР Өңірлерді дамыту министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші мәжілісі өтті

357 0

2013 жылғы 3-4 маусымда Ташкент қаласында Бірінші Вице-Премьер, ҚР Өңірлерді дамыту министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші мәжілісі өтті

Мәжіліс екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көлік, транзит және энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Бақытжан Сағынтаев өз баяндамасында: «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2012 жылы шамамен 2 млрд.161 млн. долларға жетті. Яғни, 2011 жылмен салыстырғанда 11 пайызға жоғары», - екендігін атап өтті.

Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 14 пайызға артып, 2012 жылы 1 млрд.344 млн. долларды көрсетсе, Өзбекстанның Қазақстанға импорты 6 пайыз артып, 817 млн. долларға жеткен.

2002-2012 жылдар аралығында Өзбекстаннан еліміздің экономикасына тартылған тікелей инвестиция 10,5 млн. АҚШ долларын құраған. Ал Өзбекстанға Қазақстаннан тартылған инвестиция көлемі 2004-2012 жылдар аралығында 102 млн. долларға жеткен.

Кезедсу барысында тараптар 2007-2016 жылдарға арналған қос мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастық стратегиясының ережелерін тәжірибелік іске асыруды жалғастыруға келісті.

Мәжілістің қортындысы бойынша екі елдің ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші мәжілісінің Хаттамасына қол қойылады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!