Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 14 пайызға өсті

Фотография - Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 14 пайызға өсті

Бұл туралы ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен хабарланды

222 0

2013 жылғы 3-4 маусым аралығында Астанада бірінші вице-премьер - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші мәжілісі өтті. Бұл туралы ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәжіліс екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көлік, транзит және энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2012 жылы шамамен 2 млрд.161 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайызға жоғары», - деді Б. Сағынтаев.

Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 14 пайыз өсіммен 2012 жылы 1 млрд.344 млн. АҚШ долларын  құрады. Өзбекстаннан Қазақстанға импорт 6 пайыз өсіммен 817 млн. АҚШ долларын құрады.

2002-2012 жылдар аралығында Өзбекстаннан Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей инвестициялар ағымы 10,5 млн. АҚШ долларын құрады. Ал Өзбекстанға қазақстандық инвестиция көлемі 2004-2012 жылдар аралығында 102 млн. АҚШ долларына жетті.

Мәжіліс барысында тараптар 2007-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық стратегиясының ережелерін тәжірибелік іске асыруды жалғастыруға келісті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 13-ші мәжілісінің Хаттамасына қол қою жоспарлануда.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!