Мәжіліс Қазақстанда қаржы пирамидаларын құруға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Фотография - Мәжіліс Қазақстанда қаржы пирамидаларын құруға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

136 0

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

 

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай әзірленген. Бұл ретте құжат арқылы қаржылық пирамидалардың жолын кесу, оны болдырмау бойынша шаралар кешенін қабылдау, бастысы, Қазақстан аумағында олардың қызметіне заңнамалық деңгейде тыйым салу көзделеді. Атап айтқанда, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға, оны басқаруға қатысты қылмыстық жауапкершілік қамтылады. Сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың ұғымын нақтылау қарастырылады. Ондай қызметтердің жарнамалануына заңнамалық негізбен тыйым салынатын болады.

 

ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, әлемде қаржы пирамидаларының қызметіне қатысушылар саны шамамен 10-15 миллион адамды құрайды. Оның ішінде Қазақстанның өзінде  «МММ» аталатын қаржы пирамидаларының 8 кеңсесі қызмет еткен. Үш жыл ішінде еліміздің құқық қорғау органдары бұндай ұйымдардың заңсыз қызметіне қатысты 61 іс қозғады.

 

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!