Салықтық есептілік нысандары 30% қысқартылды

Фотография - Салықтық есептілік нысандары 30% қысқартылды

 2014 жылдан бастап есепті кезең арнайы салықтық режимді пайдаланатын субъектілер үшін оңайлатылған декларация негізінде жарты жылдыққа өзгертілетін болды

178 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз брифингінде Қаржы министрі Б. Жәмішев шаруашылық субъектілерін толық электрондық есептілік режиміне көшіре отырып, салықтық әкімшілендіруді ырықтандыру, кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру, салықтық есептілікті оңайлатуды және барынша азайту мәселесі туралы мәлімдеме жасады.

Салықтық әкімшілендіру бойынша, орта және шағын бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды құру мақсатында жеке кәсіпкерлердің жеке санаттарын бухгалтерлік есеп жүргізуден босатып, олардың салық жүргізудің өзіндік тәртібін белгілеу көзделген. 2014 жылдан бастап есепті кезең арнайы салықтық режимді пайдаланатын субъектілер үшін оңайлатылған декларация негізінде жарты жылдыққа өзгертілетін болды, сондай-ақ арнайы салықтық режиміндегі жеке кәсіпкерлер үшін (АСР ЖК) мүліктік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі мен біржолғы талондар алынып тасталды. Салықтық есептілік нысандары 30% қысқартылды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!