Қырғызстан сыртқы сауда айналымы 4 айда 2,1 млрд долларды құрады

Фотография - Қырғызстан сыртқы сауда айналымы 4 айда 2,1 млрд долларды құрады

Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Экономика министрлігі хабарлады.

122 0

2013 жылдың қаңтар-сәуірінде Қырғызстан сыртқы сауда айналымы 2 млрд 109,4 млн долларды құрады. 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,6% болып отыр. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының Экономика министрлігі хабарлады.

2013 жылдың 4 айында экспорт 411 млн долларды құрады, яғни 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,2% төмендеген. Оған алтын, тоқыма және тоқыма бұйымдарын экспорттық жеткізудің азаюы себеп болды.

Ал импорттық түсімдер осы кезеңде 14,2 %-ға артып, 1 млрд 698,4 млн долларға жетті. Оның көбеюіне тоқыма, тоқыма бұйымдары, машина, құрал-жабдықтар, минералдық өнімдер мен азық-түлік өнімдерінің көбірек жеткізілуі ықпал етті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!