«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ-ға операциялық қызметті қамтамасыз етуге 8 млн. еуро бөлінді

Фотография - «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ-ға операциялық қызметті қамтамасыз етуге 8 млн. еуро бөлінді

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы операциялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында 8 млн. еуроға ие болды.

233 0

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы операциялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында 8 млн. еуроға ие болды.

Бұл туралы Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 153-ші сессиясында сөйлеген сөзінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы операциялық қызметті қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 8 млн.еуроны құрайтын екі бюджеттік аударымға ие болды. Біз биылғы жылдың маусым айында қосымша транш бөлуді және жыл соңына дейін «ЭКСПО-ның» операциялық бюджетін толық қалыптастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Р. Жошыбаев.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметі «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ 100 пайыздық акционері болып табылады және жобаны қаржыландыруға жауапты. Бұл ретте, Ұлттық компания «ЭКСПО» жобасын әзірлеуге және жүзеге асыруға жауапты басты атқарушы орган болып табылады. Ал Астана қаласының әкімдігі қаланы «ЭКСПО-ны» қабылдау үшін жауапты.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!