12 ірі компанияның екеуі шығынмен жұмыс істеп отыр

Фотография - 12 ірі компанияның екеуі шығынмен жұмыс істеп отыр

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капиталы бюджеттен қаржыландырылған 12 ірі компанияның екеуі шығынмен жұмыс істеп отыр

163 0

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капиталы бюджеттен қаржыландырылған 12 ірі компанияның екеуі шығынмен жұмыс істеп отыр.

Бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті. Еске салайық, жиында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері талқылануда.

Талқылау барысында депутат Нұртай Сабильянов квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға жыл сайын қаражат өсіп отырғанын айтып, мәселе көтерді. «Тек соңғы үш жылдың ішінде ғана бір триллион теңге осы мақсатқа жұмсалған екен. Былтырдың өзінде 362 млрд. теңге жаратылды. Ал есеп комитеті мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар мен ЖШС- лардың көпшілігі шығынды болып отыр», деді Н. Сабильянов.

Осы мәселеге жауап бере келе, Үкімет басшысы квазимемлекеттік сектордың экономиканы дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті. «Сондықтан да бұл саланы дамыту Үкіметтің үнемі назарында. Сонымен қатар, кейбір кемшіліктердің орын алып отырғаны да рас. Нақтырақ айтқанда, былтыр 12 ірі акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінді. Соның ішінде екі субъект қана шығынмен жұмыс істеп отыр. Олар Республикалық ғарыштық байланыс орталығы мен Сызғанов атындағы ұлттық хирургиялық орталығы», деді Премьер-Министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!