«ҚазАгро» көктемгі егіс жұмыстарын 52,5 млрд.теңге көлемінде қаржыландырды

Фотография - «ҚазАгро» көктемгі егіс жұмыстарын 52,5 млрд.теңге көлемінде қаржыландырды

Биылғы жылғы көктемгі егістік науқаны кезінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарын қаржыландыру сомасы 52,5 млрд. теңгеден астамды құрады

283 0

Биылғы жылғы көктемгі егістік науқаны кезінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарын қаржыландыру сомасы 52,5 млрд. теңгеден астамды құрады.

Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу шеңберіндегі Ұлттық холдингтің еншілес компаниялары АӨК субъектілерінің 3 028 өтінімін қаржыландырды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 737 өтінімге артық. Сонымен бірге, жазғы және егін жинау жұмыстары бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру жалғасады.

«ҚазАгро» компаниясы тобының қаржыландырған өтінімдерінің ең көбі науқанды ертерек аяқтаған Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарына және республиканың негізгі астықпен айналысатын аймақтарына тиесілі. Егістік барысында қаржылай қолдау 926 өтініш бойынша көрсетілді. 16 млрд. Теңге - Қостанай облысына, 838 14,1 млрд. теңге - Ақмола облысына, 930,1 млн. теңге - Павлодар облысына, 18,7 млрд. теңге Солтүстік-Қазақстан облысына берілді. ОҚО 444,8 млн. теңге сомасына қаржыландырылды.

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ үлестерінде шағын жерлері бар шаруашылықтарды қолдауға бағытталған өзінің «Егінжай» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылдан бастап 951,9 млн.теңге сомасына 307 несиелік қарыз берді. Жақын арада Қор тағы да 19,9 млн.теңге сомасына 6 несиелік қарыз беруді жоспарлап отыр.

Қажет ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз ету бөлігінде Холдингтің құрамындағы лизинг компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл тұрғындарынан жалпы сомасы 14,8 млрд.теңгеге өтінімдер қабылдады, оның ішінде 1 119 бірлік техникаға лизинг шарты жасалды, жалпы құны 10,8 млрд. теңге, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!