Біз Орталық Азия елдеріне экономикалық, техникалық көмек көрсетуге әзірміз

Фотография - Біз Орталық Азия елдеріне экономикалық, техникалық көмек көрсетуге әзірміз

Біз Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасқа үлкен көңіл бөліп отырмыз. Бұл туралы Үндістанның сыртқы істер министрінің орынбасары Едаппакат Ахамед бүгін Алматыда өтіп жатқан «Екінші Үндістан - Орталық Азия сұхбаты» халықаралық конференциясында айтты.

123 0

«Бұл сұхбаттың маңызы өте зор. Достарымыз бен серіктестерімізбен экономиканы дамытудағы өз тәжірибемізбен бөлісуге және оларға экономикалық, техникалық көмек көрсетуге дайынбыз. Мәселен, ауыл шаруашылығында, энергетикада, хай-тек технологияда, компьютерлік технологияда, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларда», - дейді Е. Ахамед. Оның айтуынша, Үндістан Орталық Азия елдерінің мемлекеттік құрылымдарымен екіжақты ықпалдастыққа кедергі болатын барлық түйткілді жайттарды жоюға және бизнесті ынталандыруға үлкен күш-жігерін жұмсауда. Мәселен, туризм саласының әлеуетін арттыру бағытында былтыр Үндістан мен Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдері арасында жаңадан ондаған әуе рейстері ашылды. Енді Қырғызстан мен Тәжікстанның да Үндістанмен арадағы әуе қатынасын орнатуына көңіл бөлініп жатыр.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!